Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

ӘЧ-2023: Қазақстан шахматшылары сенсация жасап, жартылай финалға өтті

AstanaTV
10.09.2023ж. 19:12
570
ӘЧ-2023: Қазақстан шахматшылары сенсация жасап, жартылай финалға өтті

Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер командасы арасында 2023 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалы өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан шахматшылары жарыстың үздік төрттігі тізіміне еніп, шиеленісті матчта өте мықты құрама - Германияны жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.кz.

FIDE баспасөз қызметі атап өткендей, ширек финалдағы Қазақстан-Германия құрамаларының кездесуі ең қызықтысы болды. Элизабет Петц пен Бибісара Асаубаева арасындағы алғашқы партияда 25 жүріс ойналып, ойын тең аяқталды. Екінші және үшінші партияда қос команда бір-біріне есе қайтарды: Алуа Нұрманова Джозефина Хайнеманға мүмкіндік бермеді, ал құрбандық шалған тасты сәтті пайдаланған Динара Вагнер Меруерт Камалиденованы мықтап жазалады.

Тең ойын болғандықтан қосымша матч берілді. Төрт партия да соңына дейін ойналды.

Нұрманова төртінші тақтада Амина Қайырбекова сияқты Хайнеманды тағы да жеңді. Одан соң Бибісара Асаубаева Петцтен мықты болып шықты, ал Динара Вагнер біздің шахматшыны жеңді. Қорытынды есеп – 3: 1. Осылайша шахматтан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Әлемдік чемпионатының финалына шығу үшін отандастарымыз топтық кезеңде бақ сынасқан Франция командасымен ойнайтын болады. Тағы бір жартылай финалда АҚШ пен Грузия құрамалары мықтыны анықтамақ. Мамандардың пікірінше, төрт команданың ешқайсысы да фаворит болып саналмайды, олардың әрқайсысының турнир жеңімпазы атануға мүмкіндігі бар.