$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Жыл басынан бері Астана қаласында вандализм дерегіне қатысты 600-ге жуық хаттама толтырылды

11.09.2023ж. 20:00
1421
Жыл басынан бері Астана қаласында вандализм дерегіне қатысты 600-ге жуық хаттама толтырылды

Елімізде вандализм деректері азаймай тұр. Жыл басынан бері бір ғана Астанада осы іс бойынша 600-ге жуық хаттама толтырылған. Бірақ нәтижесін берер емес.

Биыл сегіз айдын өзіңде мегаполисте қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам фактісі тіркелген. Оның ішінде вандализмге қатысты 600-ге жуық хаттама толтырылған. Оған алаңдаушылық білдіріп, бас қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек өз әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өкінішке орай, бұзақылық, мәдениетке қарсы мінез-құлық фактілері бар. Кейбір жауапсыз азаматтар жалпы қала мүлкін бүлдіреді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды сындырып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп, қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарына көлеңке түсіреді. Вандализм сіздің жеке мәдениетіңіз бен тәрбие деңгейіңізді сынау екенін түсінуіңіз керек.

Мұндай көрініске көпшіліктің көзі үйренгендей. Бүлдіріп жатқандарға қой дейтіндері сирек кездеседі.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Бұлар біреудің еңбегін бағаламайды. Бұл мәдениетсіздік. Оларды жазалау керек.
- Вандализм дұрыс емес. Бұл тәрбиесіздік.
- Бәрі адамдар үшін жасалады. Ал, оны өзіміз құртып жатырмыз. Көбі мұнын құндылығын түсінбейді. Оларды жазалау керек.
- Бұл, әрине, дұрыс емес. Оларды адам деп санай алмаймын. Жазалау керек.

Бәрінің айтатыны жазалау қажет. Көбісі айыппұлмен немесе кешірім сұраумен құтылады. Тәртіп сақшылары вандализм деректеріне көбіне жастар барады дейді.

Ернат ҚОҢЫРБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуға шақырамын! Кез-келген құқықбұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдарға құрметпен қарау бұл қазақстандықтар ұмтылу керек нормалар.

Әр ата-ана бала тәрбиесіне баса көңіл бөліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жіті назар аудару керек. Сонда ғана вандализмнің алды алынар.