Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжарда Қоспановтар отбасының мүшелері түгел төтенше жағдай саласында еңбек етеді

11.09.2023ж. 20:00
802
Қызылжарда Қоспановтар отбасының мүшелері түгел төтенше жағдай саласында еңбек етеді

Қызылжарда Қоспановтар отбасының мүшелері түгел төтенше жағдай саласында еңбек етеді. Жанұя мүшелерінің жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуықтайды. Ұрпақтан ұрпаққа қызметті аманат екен әулет жөнінде аймақтағы тілшіміз әңгімелейді.

Асхат Қоспанов төтенше жағдай саласында 17 жыл еңбек еткен. Қазір зейнетте. Ол жұмыс істеп жүрген уақытта мыңдаған адамды ажал аузынан аман алып шыққанын айтады. 2016 жылы “ерен еңбегі үшін” медаліне ие болды.

Асхат ҚОСПАНОВ, ҚҰТҚАРУШЫ:

Бұл мамандықты таңдап алу үшін жүрек керек. Өйткені адамның тағдырымен ойнау, я болмаса жоғарыға шығу, жерастына түсу секілді әртүрлі жағдайларда адамның өзі сенімді болу керек. Өрт сөндіру бөлімі, құтқару адам өміріне тікелей байланысты болғасын мен өз қара басым, жанымдағы жігіттер де өрт сөндіру мамандағын өте жоғары бағалаймыз.

Асхат Қоспановтың жұбайы мен қызы да осы саланы таңдаған. Бала кезінен әкесінің ерлігіне қызыққан Таңшолпан арнайы білім алып, бүгінде жедел басқару орталығында жұмыс істеп жүр.

Таңшолпан АЙТМАҒАНБЕТ, СҚО ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біз өрт сөндіру бөлімінің қасында тұрамыз. Мен сол терезеден қарап тұратынмын. Сиренаның даңғылын естігенде терезеге қарайтынмын. Автолестницаға отырып кеткенін барлығын бақылап отыратынмын. Қазір осында жұмыс істегеніме, әкемнің жолын қуғаныма қуанамын.

Асхат Қоспановтың қос немересі бар. 6 жастағы Бахтияр ер жеткенде атасының жолын қуып, құтқарушы болам дейді.