Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ресейде ұшақ шұғыл қонды: бортта қазақстандықтар болған

AstanaTV
12.09.2023ж. 13:37
636
Ресейде ұшақ шұғыл қонды: бортта қазақстандықтар болған

Новосібір облысында "Орал авиакомпаниясының" ұшағы апат жағдайында жерге қонды. Оның бортында қазақстандықтар да болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Убинское ауданына қонған борт Сочи-Омбы бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша бортта 167 адам болған.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, әуе кемесі дабыл қағып, ал кейін радардан жоғалып кеткен. Сондай-ақ, ешкім зардап шекпегені айтылды.

"Ұшақ бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23-і - бала, 6 адам - экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ресейлік БАҚ-та.