Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Талғарда 19 жастағы ер адам 79 жастағы зейнеткерді зорлап, тұншықтырғысы келген

AstanaTV
12.09.2023ж. 15:26
1622
Талғарда 19 жастағы ер адам 79 жастағы зейнеткерді зорлап, тұншықтырғысы келген

Талғарда ер адам 79 жастағы зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, оны тұншықтырып, зорлағысы келген. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әжем күтпеген жайтқа тап болды, кімге жүгінерімді білмеймін. Ешкім көмектесе алмайды. Түнде 19 жастағы қылмыскер әжемнің есігін бұзып кірді. Оны зорлап, тұншықтырғысы келген. Ол әжемнің бетінен жұдырықтап, кеудесі мен ішінен соққан. Ол әжеме қарағанда денелі әрі бойы ұзын болған. Бақытымызға орай, айқайлаған дауысты естіп, көмекке көршілер келген, ал қаскөй қашып кеткен. Екі күннен кейін ол ұсталды, ол бір жерде көлік ұрламақ болған", - дейді ол.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, тергеуші істі тек тұрғын үйге басып кіру бабы бойынша қарап жатыр, ал зорлау туралы шағымға ешқандай жауап қайтармаған. 

"Отбасымызда үш әйелміз, ер адам жоқ. Не істерімізді білмейміз. Бәрі жанымызда қаскөй тұратынын білгенін қалаймыз және әділдікке жеткіміз келеді", - дейді қорға жүгінген адам.