Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Түкіргені үшін елордалықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды", - А. Айтмағанбетов

12.09.2023ж. 20:00
704
"Түкіргені үшін елордалықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды", - А. Айтмағанбетов

Елордада жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, түкіру фактісі бас қаладағы базарлардың маңайында жиі кездескен. Олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталыпты.

Арман АЙТМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді