Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бүгін шабандоздар "Ұлы дала жорығының" жетінші кезеңін жүріп өтті

12.09.2023ж. 20:00
447
Бүгін шабандоздар "Ұлы дала жорығының" жетінші кезеңін жүріп өтті

Бүгін шабандоздар "Ұлы дала жорығының" жетінші кезеңін жүріп өтті. Яғни, олар 1300 шақырымның тең жартысын бағындырды. Енді астындағы сәйгүліктерін ауыстырып, ары қарай тың аттармен жарысты жалғастырады. Сайыста 12 команда бақ сынап келеді. Жетінші кезеңде қостанайлықтар топ жарды. Екінші болып астаналықтар, үшінші ақтөбелік шабандоздар келді. Айта кетейік, жарыс шарты бойынша кемінде мәреге әр командадан үш ат жету керек. Олар күн сайын атпен 100 шақырым жол жүріп, 19 күні Түркістанда байқауды аяқтайды.