Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктер әкелуге тыйым салынбақ

AstanaTV
12.09.2023ж. 16:19
680
Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктер әкелуге тыйым салынбақ

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан да ескі көліктерді әкелуге тыйым салады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Казстандарттың" баспасөз қызметі мәліметінше, шектеу 2013 жылға дейін шыққан көлік құралдарына қолданылады.

"Тәжікстан ауаның ластайтын, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көліктердің әкелінуіне, сондай-ақ, ескі көліктер қалдықтары (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санының артуына жол бермеуге бағытталған Жарлық дайындады", - деп хабарлады "Қазстандарт" өкілдері. 

Еске салайық, 2005 жылдан бастап "ҚазСтандарт" базасында саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтың функцияларына ДСҰ хатшылығына, ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тарапқа ақпарат беру кіреді.

Жарлық Тәжікстанда 2024 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді.