$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әуе компаниялары қызметіне қатысты депутат пікір білдірді

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2652
Әуе компаниялары қызметіне қатысты депутат пікір білдірді

Адамның рухани дүниесіне ықпал ететін жәйттер әуе компанияларының ісінде көрініс табуы тиіс. Бұл ретте алдымен мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар қажет. Сондай-ақ ұшақ салондарында қазақтың әуені ойналып тұрса құба-құп. «Бұны құқықтық актілерге, заңға кіргізбесек те, талап ету парызымыз», - дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Сіз «Жайдарманмен», «Сәулем-аймен» қарсы алған кезде, жаныңыз жадырап қоя бересіз, үйге келгендей. Басқа адамдар келген кезде басқа мемлекеттің ұшағына мінгенін сезінетін болуы керек. Қазақстанның ұшағында екенін сездіру үшін, тіліне суық тиген секілді емес, айқын қазақша сөйлейтін адамдарды жұмысқа алу міндетті болу керек.