Спорт Қазақстан
$449.88 €486.64 ₽4.83
×

Бүгін АҚШ-та президент сайлауы. Кім жеңеді?

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2154
Бүгін АҚШ-та президент сайлауы. Кім жеңеді?

Бүгін АҚШ-та президент сайлауы. Саяси науқанда 46 миллиондай адамның алдын ала дауыс бергені белгілі болып отыр. Бұл ел тарихында бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесіне сай, Хиллари Клинтонның басымдығы байқалады. Демократтар атынан додаға түскен кандидаттың жеңіске жететінін тіпті Перудің бақсылары да болжап отыр.

Уақыт айырмашылығын ескерсек, жаңа президенттің есімі сәрсенбі күні таңертең белгілі болады. Қазір елде қызу науқан жүріп жатыр. Демократ Хиллари Клинтон мен «республикалық»  Дональд Трамп бір-бірін өкшелеп келеді. Алдыңғы кандидатты қолдау үшін оның жұбайы Билл Клинтон Филадельфияға арнайы келді. Қазіргі президент Барак Обама да зайыбы Мишельмен бірге осы жерден табылды.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Америкадағы ата-аналардың басым бөлігі өз балаларының, әсіресе қыз баланың болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Халық "біз бірлікте болсақ қана, күшіміз мығым болатын" саясатты жақтап, осы бағытты таңдауы тиіс. Мен бұған сенімдімін.

Ал республикалықтар атынан додаға түскен үміткер Дональд Трамп Флорида штатында мыңдаған адамдардың алдында сөз сөйледі. Айта кету керек, бұл аймақта әлі де қай кандидатты таңдайтынын шеше алмай отырғандар көп. 7 қарашадағы сауалнама қорытындысы бойынша Хиллари Клинтонды АҚШ-тағы сайлаушылардың 42 пайызы қолдайтыны белгілі болды.