Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Book&Сoffee, Quiz, көрме-жәрмеңке, караоке — елордада ерекше кітап фестивалі өтеді

AstanaTV
13.09.2023ж. 08:05
774
Book&Сoffee, Quiz, көрме-жәрмеңке, караоке — елордада ерекше кітап фестивалі өтеді

Елордада ерекше форматта кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 15 қыркүйек күні сағат 12:00 мен 22:00 аралығында өтпек.

Фестиваль аясында күндізгі уақытта түрлі баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, photo zone, балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, шеберлік сағаттары, интерактивті, ұлттық ойындар, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, флешмоб ұйымдастырылады.

Кешкілік фестивальға жиналғандар «Reader» - жұлдыздардың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясына, «Кітапханалық түн» мәдени шарасына қатысады.

«Кітапханалық түн» бағдарламасында бизнес-коучинг, «Musikal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, поэзия кеші, Астананың түнгі аспанын телескоппен тамашалау, түнгі караоке, АНТИКАФЕ «Book & Сoffee» сынды түрлі қызықты мәдени, рухани шаралар ұйымдастырылады.

Фестивальдің мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуал жастарды ынталандыру, мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу.

Фестивальға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге танымал өнер жұлдыздары, жас қаламгерлер, блогерлер, БАҚ-өкілдері, ұстаздар, балалар, кітапханашылар және оқырмандар мен елорда қонақтары қатысады деп күтілуде.