Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Өзгермегенсіз": Динара Сәтжан 20 жыл бұрынғы суретін көрсетті

AstanaTV
13.09.2023ж. 08:58
516
"Өзгермегенсіз": Динара Сәтжан 20 жыл бұрынғы суретін көрсетті

Тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің 20 жыл бұрынғы суретін көпшілікке көрсетті. Оның 2003 жылғы суретін желі қолданушылары қызу талқыға салған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"20 жыл ішінде бұл қызда ештеңе өзгермеді. Әлі күнге өз кәсібін сүйеді. Өз мамандығына ғашық. Түсірілім, монтаж, эфир және тексттер... Табысты болудың құпиясы жоқ. Жай ғана өзің жақсы көретін ісіңмен айналыс және істеген ісіңді жақсы көр", - деп жазды Динара Сәтжан Instagram парақшасында.

Суреттен тележүргізушінің 2003 жылғы және 2023 жылғы түрін көруге болады. Ал желі қолданушылары Динара Сәтжанның суретіне жарыса пікір қалдырды.

"Еш өзгермегенсіз", "Көзқарасыңыз өзгеріпті", "Сұлулана түскенсіз", "Күтім жасалған, әдемі әйелге айналғансыз", "Жеке тұлға ретінде қалыптастыңыз", "Өзгермегенсіз", - деп жазды желідегілер.