Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жел, жаңбыр, найзағай": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

AstanaTV
13.09.2023ж. 22:10
489
"Жел, жаңбыр, найзағай": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы күндері, яғни 14-16 қыркүйек аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады деп күтілуде. 16 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі деп болжануда.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3...+10 градус, күндіз +13...+20 градус, оңтүстік жартысында түнде +7...+15 градус, күндіз +18...+25 градус жылы болуы мүмкін.