Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жолдау Қазақстанның экономикалық моделін өзгертеді», - депутат

13.09.2023ж. 20:00
1004
«Жолдау Қазақстанның экономикалық моделін өзгертеді», - депутат

«Жолдау Қазақстанның экономикалық моделін өзгертеді». Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Егер Президент айтқан тапсырмалар дер кезінде орындалса, еліміз алпауыт мемлекеттермен иық тірестіретін деңгейге көтерілетінін айтады. Ол үшін әр азамат жауапкершілікті сезініп, міндетке сақадай сай болу тиіс. Серпіліс үшін жұдырықтай жұмылу маңызды.

Еркін ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Биылғы Жолдау, негізінде, Қазақстанның экономикалық моделін өзгертуге бағытталған. Сондықтан бүкіл Жолдаудың ішіндегі жеке-жеке тақырыптар бір-бірімен байланысты. Назар аударсаңыз, биыл Президент бұрыңғыдай жеке әлеуметтік мәселелер, жеке экономикалық мәселелер, жеке саяси мәселелер деп бөлген жоқ. Биылғы Жолдауда бәрі бағытталған мәселелер.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Білімнің сапасын көтеру және ұстаздарымыздың біліктілігін арттыру – қажеттілік екенін атап өтті. Менің ойымша, біз Мәжіліс депутаттары ретінде, жалпы, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде біз екі мәселеге көңіл бөліп жатырмыз. Осы қыркүйек айында «Келешек» 5 жастан бастап жинақтау жүйесі қалай құрылады, «Ұлттық қор балаларға» деп аталатын заң жобасы арасында екеуінің байланысы қалай болады? Біз дөңгелек үстел өткіземіз.