$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық тұрғынның 106 млн теңге несиесі кешірілді

14.09.2023ж. 20:00
1027
Алматылық тұрғынның 106 млн теңге несиесі кешірілді

Елімізде күн сайын 150 адам банкрот деп танылады. Жарты жылда несиесін төлей алмай жүрген 65 мың адам банкроттыққа өтініш берген. Әзірге 1675 тұлғаның қарызы кешірілді. Олардың жалпы берешегі 708 млн теңгеден асады. Яғни, орта есеппен әрқайсысы банкке 2 млн 300 мыңдай қарыз. Берешегін өтей алмай жүргендер кімдер? Олардың саны неге көбейіп барады? Әріптесім Аружан Задабек зерттеді.

Кредитсіз адамды кездестіру қиын.

БЛИЦ:САУАЛНАМА:

- Табысыңыздың қанша теңгесі кредитке кетеді? – Мен пенсиядағы адаммын. Соның барлығы кредитке кетеді. + Осыдан құтылсаңыз кредит аласыз ба? – Бұдан кейін мен кредитке жоламаймын.
- 100% кетеді ғой.
- 150 тапсаң, почти 100-і кетеді ғой.
- Кредит бар ма? – Бар. – Қанша теңге төлейсіз? – Күйеуім 200 мың айлық алады. Польный кредит пен квартплатаға кетеді.
- Кредитке машина. – Қанша қалды? – Февральде бітеді, Құдай қаласа.

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Содан бері жарты жыл уақыт өтті.

Ерлан ДАЛБИН, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Азаматтың өтініші 6 ай қаралады. Егер осы мерзімде ол несиесін бір рет болсын төлесе, өтініш кері қайтарылады.

Барлық өңірде «банкрот» деп танылған азаматтар бар.

Әсем РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Көптеген адам кредитті алған кезде қандай проценті бар екенін білмей барады. 12% деп алып, 5 жылға көбейген кезде 60%-ке дейін көтерілетін жағдай болады. 2 миллион алып, 4 миллион қайтарып жатқан тұрғындар бар. Оны халық білмейді. Одан кейін бүгінгі таңда интернет мошенниктердің көбейіп кетуі үлкен мәселе болып отыр.

Кредит күліп келгенімен, жылатып қайтады. Оңды-солды қарызға кіру білімнің жоқтығынан – дейді мамандар. Сол үшін «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын ұйымдастырды. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам қаржылық сауатын арттырады.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі күнде 42 мың адамды оқытып болдық. Нәтижесі жаман емес. Бірақ оқумен шектелмейміз. Оның арғы жағында юристер халыққа көмек көрсетіп жатыр. Коллекторлардың қысымынан шығарып жатыр адамдарды.

Беруге қазір банктер те бейіл болып алды. Санаулы банк жарытып бәсекеге де түспейді. «Бөліп ал да, пайдаға кенел» дейді де, қарызға батырады. Өзің де байқамай қаласың. Бастысы несие деп несібемізден айырылып қалмасақ болғаны.