Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда вейп саудасына қашан тыйым салынады?

14.09.2023ж. 20:00
620
Қазақстанда вейп саудасына қашан тыйым салынады?

Атырауда мектеп оқушылары арасында вейп шегетіндер тізімі жасалмайды. Бір реттік электронды темекіге әуесқойлар наркологиялық диспансердің есебінде де жоқ. Есесіне елітуі жағынан есірткінің сәл алдында тұрған вейп кез-келген азық-түлік дүкенінде қолжетімді бағада ашық сатылып жатыр. Бұған жұрттың көзқарасы қандай? Тілшілеріміз тақырыпты тарқатады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Көшеде, көлікте, кеңседе. Кез-келген жерде қолындағы аппаратын құшырлана тартып, буын бұрқыратып бара жатқандарды көргенде қазір ешкім аса таңқалмайтын болды. Бір қорқыныштысы,вейп жасөспірімдердің ермегіне айналып барады. Сарапшылардың статистисы бойынша, кәмелетке толмағандардың 10 пайызы электронды темекі шегеді.

Былтыр қалада 7-сынып оқушыларының емін-еркін вейп тартып жүрген видеосы тараған болатын. Кейін ата-аналарына айыппұл салынып, өзге мектептерге ескерту жасалды. Жұмыс сонымен тәмам болғанға ұқсайды. Білім беру басқармасы мамандарының мәліметінше, одан кейін бір де бір оқушы анықталмаған.

Дулат ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біздерде ондай тізім жоқ. Себебі нақты фактілер анықталған жоқ. Веп , темекі шегу бойынша ұсталған балалар.Біздер қарай алмаймыз ғой, сумкаларында осындай нәрселердің темекілердің болмауын, ең бірінші кезекте ата-аналарға ескертіліп айтылады бірінші кезекте.

Тізімде болмаса да, тартатындар жоқ емес. Мысалы, мектеп жасындағы мына екі бала саябақта аса сақтықпен бір реттік шылым шегіп отыр. Айналасына ұрлана қарап қояды. Ұстаз да, ата-ана да хабарсыз болуы мүмкін. Себебі вейп кез-келген азық-түлік дүкенінде сатылады. Бар жоғы 3-6 мың теңге аралығында ғана.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өзіңізге алайын деп пе едіңіз?
- Ия.Кімдер алады біздің жасымыздағылар алмағанда?
- Ия, жастар алады көбінесе. 20-25 аралығында.
- Мектеп оқушылары ала ма?
- Мектеп оқушылары алмайды. Оқушыларға сатып көрмедім. Мыналар зарядкаға қойылмайды, мыналарды зарядкаға қояды да, шеге бересіз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Биыл алғашқы жарты жылдықта елімізге 6 мың тонна темекі өнімдері импортталған. Бұл – былтырмен салыстырғанда 33,6 пайызға, яғни бір мың жарым тонна артық.

Еркін, вейпке қатысты оралдықтар не дейді?

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Иә, Базаргүл, бізде де дәл сіз айтқандай жағдай. Өйткені өкпеге күтім керек, күтім үшін түтін керек деушілердің қанша екенін ешкім білмейді. Себебі электронды темекіге тәуелділерді түгендеуге оқу орындары асығар емес.

Электронды темекіге әуестердің дені - жастар. Өйткені әдемі безендірілген вейп сәнді тауар секілді, құтысында қанша қуаты, қашанға дейін қолдануға болатыны көрсетіледі. Осыған қызыққан жастар оны гаджет ретінде бір-біріне сыйға тартады.

Майра МЕДЕТОВА, НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР:

Электронды темекіден түтін шықпағанымен, буының құрамында улы химиялық заттар өте көп. Құрамындағы никотин де темекіден аз болса да, зияны орасан. Адамның тыныс жолдары бітеліп, тіпті обыр секілді онкологиялық ауруға шалдығуы мүмкін. Тіпті кәдімгі шылымқорлар секілді біртіндеп тәуелді бола бастайды.

Дәрігерлердің айтуынша, электронды шылымдағы никотин миға 8 секундта тарайды. Тамырды тарылтатын никотин жүрекке жүк түсіреді. Никотин тіпті жасушаларды өзгертіп, келер ұрпаққа да әсер етеді. Сондықтан темекінің барлық түрінен мүлдем бас тарту керек, дейді мамандар.

Әйгерім БАЗАРБАЙ, ПСИХОЛОГ:

Одан құтылу үшін адам деген бірінші өз-өзіне мақсат қоя білуі керек. Сезіне білуі керек бірінші бұл нәрсенің қауіпті екенін. Бұрын бір қорап темекі шеккен болса, егер оны қою мақсатында алға қарай жұмыстанатын болса, күніне жарты қорап шегіп, адам санасында "мен қоямын, мен мұны тастаймын" деген ниет болмаса, онда оның басқа істеген шараларынан ешқандай пайда болмайды.

Мамандардың айтуынша, вейптің белгілі бір мемлекеттік стандарты жоқ. Мысалы, бір тал темекіде 1-2 миллиграмм никотин болса, вейптегі никотин одан он шақты есе көп. Осылай уланған "вейпкерлердің" ауыз қуысын жара басады. Бірақ дәрігерге баруға асықпайды.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Бүгінде әлемнің 32 елінде темекінің осы түріне тыйым салыныпты. Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылады. Әзірге еліміздегі вейп-шоптар еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.