Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Діни көшбасшылар әлемде бейбітшілік орнатуға көмектесе алады

14.09.2023ж. 20:00
640
Діни көшбасшылар әлемде бейбітшілік орнатуға көмектесе алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "The Jerusalem Post" журналында "Діни көшбасшылар әлемде бейбітшілік орнатуға көмектесе алады" атты мақаласы жарияланды. Қазір әлемде ұлтаралық алауыздық пен халықаралық шиеленіс өршіп тұр. Салдарынан жаңа жаһандық қарулану жарысы, ядролық қаруды қолдану қаупі және ыстық, гибридті, кибер соғыстар белең алған. Президент әлемдегі соғыс атаулының барлығына тосқауыл болуға діни көсбасшылардың тигізер пайдасы көп дейді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дүние жүзіндегі адамдардың шамамен 85% дінді ұстанады, бұл біздің өміріміздің маңызды факторына айналды. Сондықтан діни лидерлер жаһандық істерге айтарлықтай әсер етеді. Оның үстіне адам өмірінің қасиетті құндылығы, бір-біріне қолдау көрсету, бақталастық пен дұшпандықтан бас тарту – барлық діндердің ортақ ұстанымдары. Нәтижесінде, бұл принциптер жаңа әлемдік жүйенің негізін құра алатынына сенімдімін.

Еліміз осы бағытта бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда. Әрбір үш жылда діндер сьезін өткізеді. Өткен жылы елімізде дін көшбасшыларының жетінші съезі өтті. Оған 50 елден делегация, дін өкілдері қатысты. Сириядағы соғысты тоқтату мақсатында «Астана процесін» ерекше атап өткен.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дипломатия, сөзсіз, ынтымақтастықты жеңілдетудің кілті. Қазақстан әрқашан дауларды тек келіссөз үстелінде БҰҰ Жарғысы негізінде шешуді қолдап келеді. Біздің еліміз бүкіл әлемде тұрақты бейбітшілікке, қауіпсіздікке және тұрақты прогреске қол жеткізуге бағытталған қағидаттарды дәйекті түрде алға жылжытуда.