Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы әзірленді

14.09.2023ж. 20:00
692
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы әзірленді

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде "Аманат" партиясы фракциясының жиынында талқыланды. Құжатта зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсетудің бірыңғай бағдарламасы енгізілген. Атап айтқанда, балалар инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс үшін жазаны қатаңдату, озбырлық жасаған адамға психологиялық көмек көрсету курсын енгізу бойынша нормалар қарастырылған. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қатыгездікке, физикалық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар үшін тараптардың татуласуына мүмкіндік бермеу көзделген.

Сондай-ақ, балаларға психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін партия жанынан «111» сенім телефоны ұйымдастырылды. Бұған дейін жедел желіні 47 мыңнан астам адам пайдаланған. Бұл жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру үшін осы жобаны Үкіметке беру ұйғарылды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы да әрдайым ана мен бала мәселесін жіті бақылауда ұстап отырғанын өздеріңіз білесіздер. Бүгінге дейін елімізде біраз шаруа атқарылды. Партия бұл бағытта өз тарапынан нақты жұмыс жасап жатыр. Мәселе күннен күнге күрделеніп бара жатыр. Сондықтан оны біз жай ғана әңгіме етіп нәтижесіз тарап кетпеуіміз керек. Барлық мәселені тұтас қарастырғанда ғана біз дұрыс әрі қажетті заң қабылдай аламыз. Әр бала мемлекет тарапынан қорғалып, қамқорлыққа бөленуі тиіс.