Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2571
Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды

Қостанайда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды  Апаттың салдарынан көпсалалы облыстық аурухананың ғимараты ыстық судан қағылып, қарашаның қара суығын бастан кешті. Қалалық және облыстық перзентханалар да жылусыз қалды. Алдын-ала ескерту болғандықтан, ертерек қамданып, бөлмелердің жылулығын сақтауға тырыстық, - дейді ақ халаттылар.

Людмила Төлебаева, Қостанай перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Жылу таңертеңнен бері жоқ. Бірақ палаталар жылы. Орташа температура 25 градус. Ана мен баланың жатуына жағдай бар деп айтуға болады. Жұмыс кестесі өзгерген жоқ. Жоспардағы және шұғыл операциялар кейінге шегерілмей бүгін жасалды.

Жарылған құбырды Қостанай жылыту энергетикалық компаниясының жұмысшылары жөндеуде. Тозығы жеткен құбыр жамалып жатыр. Ыстық су мен жылу кешкі сағат сегізде беріледі, - деп сендірді мамандар.

Заңғар САНАЙ