Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысында желден келген шығын көлемі 470 млн теңгеге өсіп, қираған нысандар саны 1754-ке жетті

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2942
Жамбыл облысында желден келген шығын көлемі 470 млн теңгеге өсіп, қираған нысандар саны 1754-ке жетті

Жамбыл облысында дауылдан келген шығынның көлемі өсіп, 470 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков мәлімдеді. Сондай-ақ атқамінерлер өзге де жаңа сандарды жариялады.

Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Зиян келген нысанның саны 1754 болып отыр. 86 млн теңгеге әскериге байланысты нысандар толық өз министрлігі арқылы жөнделетін болады. Бүгінгі таңда Тараз қаласында 190 абонент электр қуатымен толық қамтылмаған.

Шенеуніктің айтуынша, 1300-дей ғимаратқа кәсіпкерлердің көмегімен жөндеу жұмыстары басталған. Қалпына келтіру мен тазарту шараларына 140-қа жуық техника тартылыпты. Бүлінген ғимараттардан 25 мың тоннадай қалдық шығарылған. Таразда бірнеше тұрғын үй алабының халқы қалпына келтіру жұмыстары баяу жүріп жатқанына наразы.

Кемелбек Құлтаев, Тараз қаласының тұрғыны:

Құлаған столбының саны тоғыз. Бір көшенің бойында. Сол тоғыз столбыны, ертеңді қосқанда, тоғыз күн болады. Бұл ұят емес пе? Халық светке қарап отыр. Бұл тіпті тәртіпсіздік қой.