Шымкентте жеңіл жүрісті 43 қыз тіркеуге алынды. Олар "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында.
ЖПІШ аясында тәртіп сақшылары жалға алынған пәтерлерді, сауналарды, монша кешендерін, ойын-сауық орындары мен қонақүйлерді тексереді. Екі күндік жұмыс барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынудың 8 фактісін анықтады. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-а ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша 48 адам жазаға тартылып, жезөкшелікпен айналысқан 43 жезөкше есепке алынған. Полицей мен қыздар. Фото: polisia.kz Айта кетсек, ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну – қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – жүз айлық есептік көрсеткіш (345 мың теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу (517 500 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз (1 млн 35 мың.теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш (3 млн 450 мың. теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру - жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге).