$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбеде көпір астынан 19 жастағы студенттің мәйіті табылды

15.09.2023ж. 20:00
1426
Ақтөбеде көпір астынан 19 жастағы студенттің мәйіті табылды

Ақтөбеде Заречный ауылы маңындағы көпір астынан 19 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Ол қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Жігіттің өзіне-өзі қол салуына не себеп болғаны анықталып жатыр. 2004 жылы туған жігіт 13 қыркүйекте бестің шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақындары жігітке іздеу салып полицияға хабар берген. Еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізіп, студенттің мәйітін Заречный ауылы маңындағы көпірдің астынан тапты.

 Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Оқиға орнына жедел –тергеу тобы шықты. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105 –бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептері анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды.