Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Далаға шығудан қалдық». Қарағандыда жүздеген тұрғын жол азабын тартып отыр

15.09.2023ж. 20:00
603
«Далаға шығудан қалдық». Қарағандыда жүздеген тұрғын жол азабын тартып отыр

«Далаға шығудан қалдық». Қарағандыда жүздеген тұрғын жол азабын тартып отыр. Қаланың жаңа орталығында бірнеше көшенің олардың өміріне қауіп төндіретінін айтады. Адам түгілі көлік әрең қатынайтын жерге жедел жәрдем келе алмайды,- дейді. Талай рет қалалық әкімдіктің табалдырын тоздырғанмен шенеуніктер жыл сайын құрғақ уәдемен шығарып салатын көрінеді.

 Бұл -қақ ортасындағы Бөкетов және Мұқанов көшелері. Жүздеген оқушы мектепке осы жолмен барады. Ары қарай Күнгей ықшам ауданының балалары тағы бар.

Нұрай ОРАЛҚЫЗЫ, ОҚУШЫ:

«Мен жолда үйге келе жатып қаншама рет тайып құлап қалдым. Күнде мектепке аяқ киімім мен шалбарым балшық- балшық болып барамын. Мектепті ластамау үшін далада киімімді ауыстырып кіремін».

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:


«Жол азабын жеке үйлер ғана емес осы маңайдағы бірнеше көп қабатты үйдің тұрғындары да тартып отыр. Олар жылдар бойы осы маңайға құм төгіп. Өздері тегістеп келген еді. Енді жан- жақтан жамыраған құрылыс жұмыстары жолды әбден лай, шалшыққа айналдырған. Мұндай жолдан әсіресе қарттар мен балалар жапа шегуде. Тіпті аулаға шығу, емханаға бару, мектепке қатынаудың өзі үлкен уайымға айналды».

70- тен асқан Жанғали Ақсақал тіпті далаға шығудан қалған. Екі көзі көрмейтін қария жедел жәрдем көлігі де мұнда келмейді деп қиналады.

Жанғали СЫЗДЫҚОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы кейінгі 10 жылда көзім көрмейді. Скорый шақырсам келмейді. Жылда мынаны қазып тастайды жол саламыз деп. Далаға шығудан қалдық.

Аналар мен әжелер талай баланың шұңқырларға құлап, тұншыға жаздағанын айтады. Сондықтан үйірмелерге өздері апарып әкеледі. Кішкентайларын арбамен тасиды.

Ақтолқын МАМЫР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менде өзімде 4 кішкентай бала бар. Дәрігер шақырсақ, массажист шақырсақ жолдың ана басынан күтіп аламыз немесе таксимен алдыртамыз. Жол бойы лай. Кеше мен балаларды алып шықтым далаға кроссовки бәрі су, үйге кеп бәрін жудық.

Кенжегүл ӘТЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Міне, вот үйірмеден келе жатырмыз.Көріңіз. Жаңбыр, күз, көктем осылай балшықтың ішінде жүрміз.

Жағдай 10 жылдан бері осындай. Дегенмен тұрғындар өздері жамап-жасқап ұстап келген. Ал жазда маңайда құрылыс қызғасын жол алдымен жабылып, кейін тас- талқаны шыққанша қазылды. Ақыры жүруге жарамай қалған.

Қайрат ТҰРДИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ауыр техникалар жүреді.Жолдың бәрін солар қазып тастады.+ біздің тілегіміз ең бірінші мынау жолды жасап берсе екен, хотя бы, балалар сабаққа барып келетін. Содан бір- ақ машина жүреді міне, хотя бы екі машина жүретіндей жасау керек щебенка төгіп па, хотя бы адам баласы жүретіндей етіп.

Қалалық әкімдік өкілдері тұрғындардың шағымынан кейін осы айдың 20- сына дейін жолға уақытша құм себілетінін мәлімдеді. Ал жаңа жол құрылысы екі жылға жоспарланған. Былтыр қазанда басталған, 2024 жылдың аяғында аяқталады,- дейді.

Григорий БОДНАРЬ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жолына 20 қыркүйекке дейін құм төгіледі. Ал жол құрылысының жобасы екі жылға жоспарланған. Ол шамамен 2024 жылы аяқталады.

Шенеуніктердің айтуынша,жол құрылысының басталғанына бақандай бір жыл болған. Бірақ, оның неге көзге көрінбейтіні, түсініксіз.... Тұрғындар құзыретті органдардан бақылау жасауды талап етіп отыр. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, «АстанТаймс» Қарағандыдан.