Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Amanat" партиясы ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді талқылады

15.09.2023ж. 20:00
881
"Amanat" партиясы ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді талқылады

Алдағы үш жылда өңделген өнім үлесін 70 процентке ұлғайту керек. Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов осылай деді. Партия жанындағы аграрлық кеңестің мүшелері аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы өзге де өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін нарыққа жылжыту жөнін айтып, субсидия туралы әңгіме өрбітті. Қазір толассыз жауған жауын егістік жинауға кедергі келтіріп отыр. Оған қоса, бидайдың бағасымен бірге сапасы да төмендеді. Ауыл шаруашылық министрлігі субсидия мәселесін ушықтырып жіберген. Мемлекет фермерлерге 171 млрд теңге беруі тиіс еді. Бірақ кешіктіріліп жатқан көрінеді. Партия мүшелері осы түйіткілдерді тарқатуға қол ұшын береміз - дейді.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ел басшымыз Жолдауында үлкен мәселе қозғаған. Ол – аграрлық сала. Біздің Қазақстан осы Еуразияның континентінде тамақ өңдіру орталығы болу мүмкіншілігі бар деп, мәселе қозғады. Содан кейін қайта өңдеу, тағамдарды өңдеу мәселесін талқылаймыз. Ол да Жолдауда талқыланған.