Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Лудомандар ломбардтардың жұмысын шектеуді сұрайды

15.09.2023ж. 20:00
912
Лудомандар ломбардтардың жұмысын шектеуді сұрайды

Еліміздегі тәулік бойы жұмыс істейтін ломбардтардың қызметін шектеу керек. Тәуелділіктен емделген лудомандар осындай ұсыныс тастап отыр. Бұл туралы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Қуаныш Алтынбеков "AMANAT" партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңестің отырысында айтты. Оның сөзінше, лудомандар қолдарындағы барын ломбардтарға өткізуден өздерін шектей алмайтын көрінеді.

Қуаныш АЛТЫНБЕКОВ, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Лудомандардың өздері айтады.Қатты құмарлық болған кезде, бұл- ауру. Бұл мида болады және оны жеңе алмайды. Айтуларынша құмарлық кезінде олар қолдарындағы барын ломбардтарға өткізуден тайынбайды екен. Ал қолында болмай қалған жағдайда, өзгенің мүлкіне де қол сұғуы мүмкін. Сондықтан олар түнгі уақытта істейтін ломбардтардың уақытын шектеуді сұрайды.

Қазақстандықтардың 10 пайыздан астамы құмар ойындарына тәуелді. Бұл-бір миллион сегіз жүз елу адам. Олардың тек 8 пайыздан астамы ғана өз проблемасын мойындайды. Жыл сайын 700-ге жуық азамат көмекке жүгінеді.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің елімізде лудомания дертін зерттейтін нақты зерттеу жұмысы, қанша адам ауырады, емдеу жолы қандай, деген осыдан оншақты жыл бұрын жасалған екен ойлаңыздаршы. Бізде қолымызда демек зерттеу жоқ. Біз лудоманиямен күресеміз дейміз. Бұл қалай? Бұл нәтижесіз болады. Сондықтан аталған проблема көрсетілді. Ғылым және жоғары білім министріне айтылды. Ол минситрлікке ескерттік. Тиісті грантқа қатысу керек екені айтылды.