Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Ұлттың тағдырына деген жауапкершілікті әрбір қазақстандық сезіне білуі керек", - тарихшы

15.09.2023ж. 20:00
573
"Ұлттың тағдырына деген жауапкершілікті әрбір қазақстандық сезіне білуі керек", - тарихшы

"Ұлттың тағдырына деген жауапкершілікті әрбір қазақстандық сезіне білуі керек". Тарихшылар республика күнінің маңызын арттыруға қатысты осылай деп пікір білдірді. Егемендік туралы декларация әлем елдері Қазақстанды өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде тануына негіз болды.

25 қазан әрбір қазақстандық үшін айтулы күн. Себебі, 1990 жылдың дәл осы күні "Егемендігі туралы" декларациясына қол қойылды. 2001 жылы Қазақстан айтулы датаны "Республика күні" деп белгілеп, жалпақ жұртқа жария етті. Бірақ арада 8 жыл өткен соң бұл мереке мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталынды. Өткен жылы Мемлекет басшысының жарлығымен атаулы дата төл мереке ретінде қайта тойлана бастады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бұл мереке мен үшін өте маңызды десем болады. Өйткені 1990-жылы 25-қазанда егемен еліміздің алғашқы құжаты ретінде Декларация қабылданған болатын. Бұл декларацияны еліміздің тәуелсіздігін білдіретін алғашқы құжаты десек те болады. Сондықтан да бұл мереке мен үшін өте маңызды.
- 7-8 жасымда Республика күні қарсаңында "Жас қыран", "Жас ұланның" қатарына қабылдайтын еді. Көптеген балалар жаңа жылды күтетін болса, үздік оқушылардың көпшілігі осы бір жыл бойы республика күнін күтіп, елге деген, жерге деген сүйіспеншіліктің ерекше сезімінде болатын едік. Сол кезбен біздің есімізде қалған екен.

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Республика күнін тойлаудың маңызы зор дейді. Себебі, бұл мереке халықтың бірлігін одан әрі нығайтады.

Юлия КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл күн біз үшін өте маңызды. Себебі, еліміздің әрбір азаматы іштей тәуелсіз елде туып, егемен елде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтады. Қуанады. Саяси процестерге араласып, елдегі жағдайларға өзгеріс енгізе алады. Бұл көп адамға арман. Бұл мереке жалғасын тауып жатқанына қуаныштымын.

Тарихшылар 90-шы жылдары егемендік туралы декларацияны қабылдаудың өзі қиын болғанын айтады. Дәл осы құжат басқа мемлекеттердің де егемендік алуына себеп болған.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, ТАРИХШЫ:

Егемендік туралы декларацияны қабылдау Қазақ КСР жоғарғы кеңесіне өте ауырға түсті. Атақты академик Салық Зиманов ағаларымыз бастап декларацияның алдыңғы сөзін "Қазақ ұлтының тағдырына деген жауапкершілікті ұғына отырып", деп бастауының өзі егемендігіміздің бастауын ашып берді. Қазақ ұлтының тағдырына деген жауапкершілікті әрбір қазақстандық сезінуі керек.

Рауан БАЙДАЛЫ, ТАРИХШЫ:

Өте маңызды құжат. Осы құжаттың негізінде бізді ары қарай елімізді мойындай бастады. Президенттік республика ары қарай. 2009 жылға дейін бұл бізде жақсы жұмыс істелді. Айтылды. 2009 кейін барып біздің мемлекеттің шешімімен, сол кездегі парламент шешімімен бұл тоқтатылды. Орнына басқа бір мерекелер күн тәртібіне енгізіле бастады.

Биыл бұл мереке Республика көлемінде тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан батырларға тағзым ету күні боп аталып өтілмек.