Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жолдау экономикалық тұрақтылықты сақтауға кепіл болады», - сарапшы

15.09.2023ж. 20:00
544
«Жолдау экономикалық тұрақтылықты сақтауға кепіл болады», - сарапшы

Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі экономикалық тұрақтылықты сақтауға кепіл болады. Сарапшылардың пікірі осындай. Осы уақытқа дейін жүргізілген кешенді жоспарлар Жолдау арқылы жалғасын тапса, еліміз тұрақты түрде дамиды. Өйткені бұл жолы айтылған тапсырмалардың бәрі мемлекеттегі саяси өзгерістердің жалғасы – дейді мамандар. Әсіресе, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тақырыптар елді елең еткізді.

Әлихан БАЙМЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБТЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президенттің аудан, қала деңгейіндегі билікті, қаржылық, бюджеттік еркіндік беріп, күшейту туралы бастамасы өте маңызды. Себебі соңғы жылдары бүкіл адамға қатысы бар, денсаулық және білім сұрақтарын аудандық деңгейден алып кету бұл жалпы басқару жүйесінде өте үлкен қиындықтар туғызады.

Айгүл СОЛОВЬЕВА, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Менің ойымша, Жолдауда өте ауқымды тақырыптар қозғалды. Барлық сала қамтылды. Мемлекеттің, ел азаматтарының болашағы үшін тиімді ұсыныстар айтылды. Тапсырмалар берілді. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық түйіткілдерге ерекше назар аударылды. Әсіресе, су туралы әңгіменің қозғалғаны дұрыс болды. Өйткені, су – тіршілік нәрі. Оны үнемдеп, тиімді пайдалануды үйрену керек.