Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Екібастұзда өртке оранған сарайдан ер адамның денесі табылды

AstanaTV
16.09.2023ж. 17:08
536
Екібастұзда өртке оранған сарайдан ер адамның денесі табылды

Павлодар облысында Екібастұз қаласының өрт сөндірушілері шаруашылық нысанындағы өртті сөндіру кезінде 49 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Құтқару қызметіне Екібастұзда монша өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 16 қызметкері мен 6 бірлік техникасы, сондай-ақ полиция мен медициналық қызмет қызметкерлері де аттанды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт шаруашылық нысанынан шыққанын анықтады.

"Өртті жою барысында өрт сөндірушілер осы нысанда тұрып жатқан 1974 жылғы ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталу үстінде", деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.