Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент Үкіметке астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

AstanaTV
16.09.2023ж. 14:44
698
Президент Үкіметке астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды» делінген хабарламада.