Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылжардағы әйелдер колониясында көшпелі көрме жұмысын бастады

AstanaTV
09.11.2016ж. 20:00
3052
Қызылжардағы әйелдер колониясында көшпелі көрме жұмысын бастады

Қызылжардағы әйелдер колониясында көшпелі көрме жұмысын бастады. Онда ел тарихынан сыр шертетін суреттер мен құжаттар қойылған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрме 3 бөлімнен тұрады. Еліміздің қалыптаса бастаған кезеңдерін қамтитын материалдар, тұңғыш президент сайлауын бейнелеген суреттер мен ұлттық теңгенің алғашқы үлгілері орын алған.

Жәдігерлер арасында Солтүстік Қазақстан өңірінің тыныс-тіршілігін айшықтайтын фотолар да бар. Көрмедегі бас аяғы 60-қа жуық материалдың дені облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан әкелінген. Темір торға тоғытылғандар бос уақытында келіп, ел тарихымен танысуға мүмкіндік алады,- дейді ұйымдастырушылар. Бүгінде мұнда 164 әйел жазасын өтеп жатыр.

Тамара Прокофьева, ЕС 164/6 түзету мекемесі тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің басшысы:

Біз бұл шараны сотталғандардың патриоттық сезімін ояту, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Жазасын өтеп жатқан әр азамат туған елінің тарихын білуі қажет. Жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының арқасында бұл тәрбиелік жұмыс ойдағыдай іске асырылды.