Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде перронда теміржолшылар пышақтасты

18.09.2023ж. 20:00
813
Ақтөбеде перронда теміржолшылар пышақтасты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Никельтау бекетінде перронда теміржолшылар пышақтасып, екі адам зардап шекті. Қандыағаш локомотив пайдалану депосының қызметкерлерінің бұлай жанжалдасуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Екі қызметкер сөзге келіп қалып, артынша төбелескен. Біреуі пышақ шығарып, екіншісіне сұққан. 47 жастағы машинист пен оның көмекшісі жарақат алып, Хромтау аудандық ауруханаға жеткізілді. Машинистің көмекшісіне алғашқы көмек көрсетіліп үйіне жіберілген. Машинистің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр. Ал пышақ қолданған теміржолшының үстінен іс қозғалып, қамауға алынды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазақстан Темір жолы " ұлттық компаниясы баспасөз қызметі бұл оқиғаның жұмыстан тыс уақытта болғанын және жанжалдың тұрмыстық себептерден туындағанын хабарлады.