$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжар тұрғыны ата-анасы жоқ баланы пайдаланып, оның баспанасын заңсыз жалға беріп отырған

18.09.2023ж. 20:00
939
Қызылжар тұрғыны ата-анасы жоқ баланы пайдаланып, оның баспанасын заңсыз жалға беріп отырған

Қызылжарлық азамат жетім баланың арқасында пайдаға кенелген. Анасынан айырылған 13-тегі жеткіншекке мұра ретінде 3 пәтер қалған. Туған туысқандарының бірі жасөспірімді қамқорлыққа алып, ол баспаналарды жалға беріп отырған. Артынан баланы қайтадан жетімдер үйіне тапсырыпты. Ал заңсыз кәсібін әрі қарай жалғастыра берген көрінеді. Қазір прокуратура органдары істі бастан-аяқ зерттеп жатқандарын жеткізді.

Марат АЮПОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

ҚР қылмыстық кодексінің 142 бабына сәйкес, яғни қамқоршы құқығын асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жасөспірімге келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Аталған қамқоршы 2 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе толық айырылуы мүмкін.