Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Нью-Йорктегі кездесулер еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді", - сарапшы

18.09.2023ж. 20:00
523
"Нью-Йорктегі кездесулер еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді", - сарапшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы алдымен Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Әлемнің 50-ден астам елінде мекеменің филиалдары бар. Онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазір бұл компания көлік-логистика саласына 1 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев құптайтынын айтты. Өйткені осы арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға болады - дейді.

Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Жаңа келісімшарт - жаңа кезеңнің басталуы. Яғни, Citibank-тің қаржыландыруы арқылы Wabtec компаниясы біздің елімізге 240 жаңа локомотив жасамақ. Бұл өзіміздің Мемлекет басшысы қойып жатқан "орта дәлізді" дамытуға үлкен септігін тигізбек. Бұл мәміленің 900 миллионға тең, "Қазақстан темір жол" компаниясының 15% жуық локомотивтарын жаңа локомотивтарға ауыстыруға жол ашып отыр.

Ал Citibank Kazakhstan – елдегі америкалық ірі банктердің бірі. Астана халықаралық қаржы орталығының жаһандық инвесторлармен байланысын қамтамасыз етуде бұл компанияның маңызы ерекше. Оны Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен өткен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Жолдауда елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктеген еді. Осы арқылы жаһандық қаржы холдингінің еліміздегі қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік аламыз – дейді сарапшылар.

Ермек АБДРАСУЛОВ, САРАПШЫ:

Мен айтқан кездесулердің бәрі Қазақстанның экономикалық жағынан дамуы, әлеуметтік жағынан, жұмыс орынымен қамтамасыз ету, т.б. проблемаларды шешеді деп ойлаймын. Кездесулердің бәрі көмегі де, Қазақстанға әрі қарай пайдасы да көп, зор деп ойлаймын.