Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Ол мен үшін нағыз қаһарман": әзілкеш Нұрлан Сабуров Головкинмен кездескен сәтін еске алды

AstanaTV
18.09.2023ж. 18:22
536
"Ол мен үшін нағыз қаһарман": әзілкеш Нұрлан Сабуров Головкинмен кездескен сәтін еске алды

Қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров АҚШ-та отандасы Геннадий Головкинмен қалай кездесіп қалғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Сабуров "GGG"-мен Нью-Йорктегі кездесуі кезінде қандай қызықтар орын алғанын "Замандас" подкастында бөлісті.

"Біз Нью-Йорк қаласында болдық. Сол кезде Генаның жекпе-жегі мен Теманың хоккей матчі өткен болатын. Біз үшеуміз жиналып, ас іштік. Мен, сосын Әли Ахмедов, Артемий Панарин және Геннадий Головкин отырды. Нью-Йоркте, стейкхауста бізге ет тартты. Мен таңғалдым. Мен қасында орындықсыз отырдым. Маған бәрібір болды. Ол мен үшін нағыз қаһарман. Бірақ мен араласуға ынтамды қатты білдірмедім. Себебі ол ондайды аса жаратпайтыны анық болды. Алайда онымен танысу мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл еске ала бергің келетін кездесулердің бірі болды", - деді әзілкеш.