Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазан-Анталия бағытындағы рейсте жасөспірім көз жұмып, ұшақ Қазақстанға қонуға мәжбүр болды

AstanaTV
18.09.2023ж. 19:11
552
Қазан-Анталия бағытындағы рейсте жасөспірім көз жұмып, ұшақ Қазақстанға қонуға мәжбүр болды

Түрік әуе жолдарының Қазан-Анталия бағытындағы TK 3995 ұшағында 17 жастағы жасөспірім көз жұмып, ұшақ Қазақстанға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TourDom порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет ашық дереккөзден

Ұшақ Қазан қаласынан 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те ұшқан. Ұшу кезінде кенеттен жолаушылардың бірі, 17 жастағы мүгедектігі бар қыз ауырып, ұстама пайда болып, жүрегі тоқтап қалған.

Осы рейспен ұшқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж бен жасанды тыныс жасады. Бірақ, өкінішке орай, көмектесе алмады.

Түрік әуе компаниясының ұшағы Орал қаласындағы әуежайға шұғыл қонды. Онда қажетті құжаттар толтырылды.