$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Асхат Тағыбергеннің әйелі жолдасына бейәдеп сөздер айтқан жанкүйерлерге қатысты пікір білдірді

AstanaTV
18.09.2023ж. 22:10
984
Асхат Тағыбергеннің әйелі жолдасына бейәдеп сөздер айтқан жанкүйерлерге қатысты пікір білдірді

"Ақтөбе - Ордабасы" футбол матчы кезінде құрама капитаны Асхат Тағыберген жанкүйерлердің қаһарына ұшырады. Орын алған ыңғайсыз жағдайға қатысты футболшының әйелі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Махаббат Тағыберген Instagram желісінде көпшілікке видео үндеу жолдап, оқиғаға қатысты өз ойын айтты.

"Болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп те, біліп те отырсыздар. Кешеден бастап футболға, Асхатқа қатысты түрлі хабарлама келіп түсуде. Оның ішінде жақсысы да, жаманы да бар. Қолдап та жатыр, даттап та жатыр. Қазақта айтады ғой, "сыйлағанның құлы бол" деп. Сондай қазақ азаматының бірі ол - Асхат деп айта аламын. Ақтөбе қаласына Асхат екеуіміз алғаш көшіп барған кезде бала едік. Жаңа отау тігіп барғанбыз. Ақтөбе қаласын да, халқын да, жанкүйерлерін де өте қатты жақсы көрдік, сыйладық. Кеше сұрап жатырсыздар ғой. "Асхат осында ойнады ғой, гол салғанда қуанбау керек еді" деп айтып жатырсыздар. Қайталап өткім келеді. Асхат сыйлағанның құлы бола алатын азаматтардың бірі. Экранның ар жағында отырып, мен Асхаттың бұрыштамаға қанша барған сайын ауыр боғауыз сөздерді жұтып, өз жұмысын істегенін жолдасымның қас қабағынан, көзінен көріп отырдым. Сол кезде алаңда не болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер", - деді футболшының келіншегі.

Еске сала кетейік, "Ақтөбе" мен "Ордабасы" клубтарының арасындағы кездесуде ақтөбелік жанкүйерлер қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергенге бейәдеп сөздер айтқан. Келеңсіз жағдай видеоға түсіп, желіге тарап кетті.