$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мүгедек қызды соққыға жыққан": Ақтауда 36 жастағы әйел мен жасөспірім арасында жанжал шықты

AstanaTV
19.09.2023ж. 12:45
840
"Мүгедек қызды соққыға жыққан": Ақтауда 36 жастағы әйел мен жасөспірім арасында жанжал шықты

Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, көршісі мүгедек қызын ұрған.

"Қоңырау шалған учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.