Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2018 жоба қаржыландырылған

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2018 жоба қаржыландырылған

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында жалпы құны 11,6 млрд. теңге 2018 жоба қаржыландырылған. Несиелендіру алты бағытта жүріп жатыр. Соның бірі –мал шаруашылығын дамыту. AMANAT» партиясының бағдарламасы бойынша 2,5 процентпен несие алғандардың бірі -Сауран ауданы Оранғай ауылының тұрғыны Есімхан Досжанов. Жас кәсіпкер жылқы бордақылаумен айналысады. 7 млн теңге жеңілдетілген қаржыға қол жеткізген шаруа жуырда Батыс Қазақстан облысынан 20 жылқы сатып әкелген. Қазір жылқылары жергілікті жерге үйреніп, қоң ала бастағанын айтады. Қыста сойып, етке өткізбек. Шаруаның сөзінше, батыстың жылқылары етті жақсы береді әрі тез семіретін көрінеді. Бұған дейін бірер ғана жылқысы болған шаруа кәсібін кеңейтпек болғанында «Ауыл аманаты» жобасының септігі көп болғанын айтады.

Есімхан ДОСЖАНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

«Қарызсыз қоғамды» оқыдық. «Ауыл аманаты» туралы айтылды сол жерде. Қанша пайызбен беріледі, қанша жылда қалай төлеу керек соның барлығын түсіндірді. «Қарызсыз қоғамның» көмегі көп тиіп жатыр ғой. 5 жылға. Оның еще 1 жыл төлемейміз. 2,5 процентпен 5 жылға өте тиімді. Жастарды қолдап жатқанына рақмет айтамыз.