«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған қызмет түрлерін кеңейтуді
көздеп отыр. Бұл «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында
жүзеге асырылмақ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте палатаның
басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов осы жобалар жайлы мәлімет
берді. Айтуынша қазір бизнес өкілдеріне көрсетілетін 8 қызмет түрі бар. Таяуда
тағы екеуін іске қосу жоспарланған. Олар «Аға сеньорлар» және «Іскерлік
байланыстар» деп аталатын бағдарламалар.
Төлеміс
Шотанов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
«Іскерлік
байланыстар» жобасы кәсіпкерлерді шетелде тағылымдамадан өткізуге арналған.
«Аға сеньорлар» жобасы бойынша дамыған елдердің тәжірибелі мамандарын
Қазақстанға шақыру көзделіп отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА