Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды жұмысқа орналастыру қолға алынбақ

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1732
Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды жұмысқа орналастыру қолға алынбақ

«Нұр Отан» партиясы бір жыл бұрын енгізілген «Тәлімгерлік» жобасы аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуын бақылауға алмақ. Осы бағытта мемлекеттік мекемелермен, бизнес орталықтарымен келісім жүргізу қолға алынған. Бұл жайында «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткен видеоконференция барысында белгілі болды.

Жиында Алматыдан бөлек, Астана қаласы мен Қарағанды облысындағы тәлімгерлер байланысқа шықты. «Тәлімгерлік» жобасы Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында қолға алынған. Басты мақсат - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға ересек дос тауып, сол арқылы қоғамға бейімдеу. Бұған дейін тәлімгерлікті жекелеген азаматтар ғана жүзеге асырса, енді «корпоративтік тәлімгерлік» пайда болады. Яғни жекеменшік компаниялар да жетімдерге қол ұшын береді. Олар сыйлық берумен ғана шектелмей, балалардың қоғамға бейімделуіне өзгеше ықпал жасайды.

Ақмарал Шатаева, Алматы қаласы № 2 балалар үйінің директоры:

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 35 тәлімгер бар. Астанада 26 тәлімгер бар. Қарағанды қаласында 10 тәлімгер бар. Тәлімгерлердің басты мақсаты - балалардың нағыз достық қарым-қатынаста болуы, өмірдегі нағыз достары болып есептелінеді. Бүгінде міне осындай іс-шараның өтілуі, яғни әр тәлімгердің бір-біріне деген сұрақтары бар. Яғни қандай қиыншылықтар бар, балалармен қалай сөйлесу керек. 

Самат ҚАНАҒАТОВ