Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тиімді келісім: Алматы облысының әкімдігі Аспан асты елімен байланыс орнатуда

20.09.2023ж. 20:00
600
Тиімді келісім: Алматы облысының әкімдігі Аспан асты елімен байланыс орнатуда

Бүгін Алматы төрінде халықаралық конференция өтті. Іс- шарада сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен инвестициялар тарту саласындағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ тауарлар импорты мен экспорты және туризм саласындағы дамуына ерекше назар аударылды.

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Қытай Республикасы Цзянсу провинциясының коммерция департаменті сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстан мен Қытай арасында тығыз экономикалық байланыс бар. Оны әрі қарай дамытуға тараптар мүдделі. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысның географиялық орналасуы және климаты кәсіпке қолайлы, түрлі табиғи ресурсқа бай, даму мүмкіндіктері бірегей өңірлердің бірі.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әрине бізге Алматы облысына бұл қарым қатынас өте қызық болады. Біздің бизнесмендердің де қызығушылығы бар оған. Бағана өзімен кездескен кезде губернатормен, олар жақтан да біздің облысқа деген көп қызығушылық бар, бүгінгі келген 50-ге жуық бизнес өкілдері олар осы жерден өзінің партнерларын тапсақ па екен деген ойы бар. Транзиттік потенциалы бар, кейіннен ауыл шаруышылығы өнімдері жалпы өндірісті дамыту бойынша үлкен жобалар құруға мүмкіндік бар. Біз әкімдік тарапынан барлық жобаларды қолдайды.

Облыс әкімінің пікірнше, меморандум негізінде өңірдің транзиттік әлеуеті дамып, көптеген жаңа инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға оң серпін береді. Бұл өңірдегі кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік болмақ. Әсіресе ауыл шаруашылығының мамандары аспан асты елінен үйренеріміз мол деп отыр.

АУДАРМА Саян ӘШЕНОВ, “АЗИЯАГРОФРУТ” КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда агроөнеркәсіпте тамшылар суару тәсілі өте маңызды өйткені суды үнемдеу өте өзекті мәселе болып келеді. Осы тұста Қытай өте жақсы дамыған. Біздің өнеркәсіптерге осындай жаңашылдықтар мен жаңғыртулар керек. Оларда біздің кәсіптерімізге қызығушылық танытып жатыр.

Алматы облысы -өңдеу өнеркәсібі саласының көшбасшыс. Облыста 1 300-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ынтымақтастық меморандумының аясында өңірде бұл алдағы уақытта бірнеше есе артпақ.