Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада запастағы әскери міндеттілердің жиыны өтуде

20.09.2023ж. 20:00
345
Астанада запастағы әскери міндеттілердің жиыны өтуде

Астанада запастағы әскери міндеттілердің жиыны өтіп жатыр. Оған 78 азамат тартылған. Оқу-жаттығу жиынында әскери борышкерлер қандай дайындықтан өтті? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Жоспарлы түрде өткізілетін әскери жиынға шақырылғандар- әр жылдары отан алдындағы қызметін атқарған азаматтар. Олар он күн бойы әскери оқу-жаттығу даярлығынан өтті. Мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады.

Досым ҚАНАТ, ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР:
Біз осы әскердегі болған жағдайды он күннің ішінде үйреніп шықтық. Айтарлықтай қиын болған жоқ. Өзімізге жүктелген тапсырманы біз орындап шықтық.

Марат ТҰРДАЛИЕВ, ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР:
Осы онкүндіктің ішінде дайындық толық барысымен өтуде. Барлығын еске түсіріп жатырмыз. Қайталап жатырмыз. Атыс орынына бардық оқ атуға. Жәнеде газдан қорғану бас киімін киюді және де сондай басқа дайындықтардың бәрін өттік.
Запастағы әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынында «Ротаны арнайы өрістетуді жүргізу», «Жауынгерлік үйлестіруді жүргізу», «Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру», «Диверсиялық топтармен күрес жүргізу» сияқты тақырыптарда сабақтар алады.

Мейрам ЕЛШІБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:
Олар жауынгерлік жағдайға жақын жағдайда дайындықтан өтеді. Бұған шатырларда тұру, далалық асүй, армияның күнделікті тәртібі және көптеген практикалық жаттығулар кіреді. Сондай-ақ, он күннің бірінде алған дағдыларын көрсету керек. Оқу-жаттығуда олар маңызды стратегиялық объектілерді қалай қорғау керек, шабуылға қалай тойтарыс беру керектігін үйреніп жатыр.
Әскери жиынға шақырылғандардың орташа жалақысы мен жұмыс орны сақталады. Сондай-ақ, жоспарланған 10 күн ішінде оқу-жаттығуды жақсы үйренген азаматтарға әскери шен беріледі.