Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» атты халықаралық жастар саяси лагері бастау алды

20.09.2023ж. 20:00
644
«Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» атты халықаралық жастар саяси лагері бастау алды

«Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім». Алматы облысында дәл осы тақырыпта халықаралық жастар саяси лагері басталды. Шараға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мұрындық болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 300-ге жуық белсенді жас «Арман дала» ойын – сауықтыру кешенінде бас қосты. Мақсат – өзара коммуникациялық байланыс құрып, мемлекеттік жобалар мен бастамаларды іске асыру. Жастар саяси лагеріне қатысушылардың уақыты алғашқы күннен-ақ пайдалы әрі қызықты өтуде. Олар үшін түрлі спорттық, мәдени шаралар қарастырылған. Сонымен қатар «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында оқыту сессиясы өтті.

Бақытжан ТҰРЫСБЕК, ҚАТЫСУШЫ:

Қазіргі таңда белең алған есірткіге, одан бөлек экология мәселесі белең алуда, соның барлығын шешу мақсатында жасалып жатқан лагерь деп есептеймін. Жалпы, мен күтетін нәтиже – бұл жақтағы шынайы эмоциялар, сонымен қатар, жаңа таныстық, жаңа достар. Бағдарламамен таныстық. Тренингтер, кездесулер өте көп. Оның барлығы осында келген әрбір жасқа кішкентай болса да пайдасын тигізеді деген ойдамын.

Лагерь Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Жастар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Төрағалығының шеңберінде өтіп жатыр. Іс-шараға, сондай-ақ, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен де қатысушылар ат басын тіреді. Лагерь жұмысы 23 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастар әр түрлі бағытта осы жерде нетворкинг площадка ретінде бір-бірімен араласып, ШЫҰ аясында мәселелерді көтеретін болады. Лагерьдің басты мақсаты – ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ШЫҰ –да көтерген бастамаларын қолдау және басқа ел жастарымен бірге оны іске асыру. Тазаlike деген "Жастар рухының" жобасы аясында экология бойынша тренингтер өтеді, волонтерлік тақырыбында тренигтер өтеді және қаржылық сауаттылық.