$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады

20.09.2023ж. 20:00
817
Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады

Келер жылдан бастап дүниеге келген әр сәбидің есепшотына Ұлттық қордан қаржы аударылып тұрады. Заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қаралып, депутаттармен мақұлданды. Бұл «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Қордың 50 пайыз инвестициялық табысы бала 18-ге толғанға дейін есепшотына түсіп тұрады. Жинақталған қаражатты пайдалануға жасөспірім кәмелет жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі. Оның өзінде тек баланың баспана, не білім алуына ғана жұмсалуы тиіс. Егер бала азаматтығынан айырылатын болса онда шоттағы қаржыны пайдалану құқығынан айырылады.

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барлық балаларға тең тәсіл қамтамасыз етіледі, яғни баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнінен бастап 18 жасқа толғанға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылатын болады. Шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады.