Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Долларды сатып алып, оның қымбаттауын күтіп отырғандар ұтылады - Данияр Ақышев

AstanaTV
10.11.2016ж. 20:00
2662
Долларды сатып алып, оның қымбаттауын күтіп отырғандар ұтылады - Данияр Ақышев

Долларды сатып алып, оның қымбаттауын күтіп отырудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта теңгенің позициясы күшейе түседі. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Айтуынша, елде долларсыздандыру саясаты табанды түрде жүргізіліп келеді.

Данияр Ақышев,  ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

Валюта нарығында қандай да бір ауытқушылық немесе шұғыл өзгеріске себеп жоқ. Керісінше, тұрақтылық байқалады. Теңгенің нығаюына қажетті алғышарттар жетерлік. Біз ондай мүмкіндіктерді пайдаланып отырмыз. Ал теңгесін АҚШ ақшасына айналдырып, оның қымбаттауын күткендер түбі ұтылады. 

Төл теңгенің туған күніне орай Ұлттық Банктің бұрынғы төрағалары Алматыда бас қосып, өзара пікір алмасты. Жиналғандардың айтуынша, теңгеге деген сенім жоғалған емес. Биылғы қаңтардан бастап ұлттық валютада сақталған депозиттердің үлесі 58-ден 70 пайызға дейін артқан. Жеке тұлғалардың 80 пайызы жинақтарын теңгеде сақтауды ұйғарыпты. Ұлттық банк төрағасының пайымынша, бұл - теңгеге деген сенім мен азаматтардың отансүйгіштік сезімі оянуының белгісі. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ