$448.72 €480.44 ₽5.56
×

Қазақстан мен Корея қарым-қатынасы жедел қарқынмен дамып келеді

AstanaTV
10.11.2016ж. 20:00
3465
Қазақстан мен Корея қарым-қатынасы жедел қарқынмен дамып келеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға ресми сапары жалғасуда. Оның барысында мемлекет басшысы ел президенті Пак Кын Хемен кездесті. Басқосуда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, қаржы-инвестиция, көлік-коммуникация, ғылым, техника салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етті. Сондай-ақ, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөзде екі елдің басшылары Қазақстан мен Кореяның стратегиялық серіктестігін жаңа сапалы деңгейге көтеру бағытындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Сапар аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Президенті Тынық мұхиты жағалауындағы Қытайдың Ляньюньган портының қазақстандық терминалы құрылысының аяқталғанын атап өтті. « Ол арқылы миллионға жуық контейнер тасымалданды. Қорғас «құрғақ портын» Ақтау теңіз портымен жалғайтын теміржол салынып, Түрікменстан және Иран арқылы Парсы шығанағына дейін жол төселді. Осы бағыттарды оңтүстіккореялық бизнес өкілдері де пайдалана алады», - деді мемлекет басшысы. Пак Кын Хе өз кезегінде Қазақстан мен Кореяның қарым-қатынасы жедел қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

Саламат ОМАШ