Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астана қаласында 7-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

AstanaTV
21.09.2023ж. 20:00
720
Астана қаласында 7-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Астана қаласында 7-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің ауласынан табылған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім жоғарғы қабаттан құлаған. Мектеп басшылығы, полиция не дейді? Тлішіміз айтады.

Марқұмның көршісі Жанаткүл Мансұрова суыт хабарды естігенде есеңгіреп қалдым дейді. Сыртқа шығып қарағанда екі бетімен жерде жатқан Арыстанды бірден таныған.

Жанаткүл МАНСҰРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Маған өзіміздің сол қыздар звондады. Сіздің секциядан бала құлады деп. Мен мүмкін емес деп, жүгіріп шығып қарасам, жатыр екен. Сосын сразу таныдым енді. Екі бетінен жатыр екен.

Жеткіншек Астана қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында оқыған. Бұл мектепке өткен жылы ауысып келіпті. Ұстаздары оқушының ашық мінезді әрі сыныптастарымен де, ұстаздарымен де жақсы қарым-қатынаста болғанын айтады. Осы уақытқа дейін оның біреумен керіскенін көрген емеспіз дейді.

ГҮЛХАН МАЗОВА, №17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бала сыныпта өте жақсы. Балалармен қарым-қатынасы болды. Сабақта орташа. Өзінің мүмкіндігінше оқитын бала. Біздің мектепте 2 жыл бойы оқып келе жатыр. Ешқандай да суицидқа деген ол балада ондай болған жоқ.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Эльмира ШӘУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желіде оқушы қатарластарынан зәбір көріп, өзіне-өзі қол салды деген ақпарат тарауда. Алайда, құзырлы мекемелер мұны теріске шығарды, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.