$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда 2037 жылдан бастап ЖОО-ға грант бөлінбеуі мүмкін

AstanaTV
22.09.2023ж. 19:20
910
Қазақстанда 2037 жылдан бастап ЖОО-ға грант бөлінбеуі мүмкін

Қазақстанда 2037 жылдан бастап жоғары оқу орындарына грант бөлінбеуі мүмкін,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Жоғары білім министрлігі арнайы жоба әзірледі. Барлық ата-ана келешек жүйесі арқылы әр балаға ақша жинайды. Алғашқы төлем бала 5 жасқа толғанда жасалады. Мектеп бітіргенше ай сайын 1-3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша салып тұру керек.

Ал мемлекет тарапынан ол 200 мың теңгелік бастапқы жарнамен мемлекеттік сыйақы және ұлттық қор есебінен толықтырылып отырады. Бала кәмелет жасына толғанда шамамен 6 млн 800 мың теңгеге дейін ақша жинақталады.

Гранттар кей жағдайда ҰБТ нәтижесіне қарай берілуі де мүмкін.