Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім көлікпен алты оқушыны қағып кетті

22.09.2023ж. 20:00
774
Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім көлікпен алты оқушыны қағып кетті

Алматы облысында 15 жастағы жасөспірім алты жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала ағасының көлігін рұқсатсыз алып, жақын жердегі дүкенге дейін тізгіндемекші болған. Оқиға Нарынқол ауылында болды. 10-шы сынып оқушысы “Subaru” маркалы көлік қүралын басқара алмай жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Салдарынан алты оқушы зардап шекті. Бесеуі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.Үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақты. Полиция басқармасы тексеріс жүргізуде.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде.