Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Әкім Тарази 90 жаста

22.09.2023ж. 20:00
1378
Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Әкім Тарази 90 жаста

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Әкім Тарази 90 жаста. Мерейтойға орай Елордада "Толғауы тоқсан Тарази" атты шығармашылық кеш өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерейтой иесіне арналған құттықтау хатты оқып берді. «Қоғамға сыни көзқараспен қарап, замандастарыңыздың кескін-келбетін шынайы суреттеп, барша адамзатты толғандырған мәселелерге жұрт назарын аудара білдіңіз. Алдағы уақытта да халқымыздың құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп, ғибратты ғұмыр кеше беруіңізге тілектестігімді білдіремін", делінген құттықтау хатта.

 Шығармашылық кеш қаламгердің сан қырын танып, сырын ұғуға негізделген. Қазақ руханиятына қомақты үлес қосқан асыл сөздің алтын зергеріндей болған жазушының әр салада жазылған туындыларының кейіпкерлері де осы кеште ортаға шықты.

Әкім ӘШІМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

Мен ештеңе күткен жоқ едім. Бәріне рахмет жандарым, айналайын.

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Ағамыздың осындай марапатталып, халқының сүйіктісіне айналғанын көзімізбен көріп өзіміз де марқайдық. Шынында осындай Әкім көкеміздің үлкен салауатты өміріне қалдырған ізінің бәрі ерекше екенін көрдік. Ағамыз одан сайын биіктеді, ағамыз одан сайын тұлғаланды.